Алматыда жеке тұрғын үйлердің өрт қауіпсіздігі тексеріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жеке тұрғын үйлердің өрт қауіпсіздігі тексеріліп жатыр

05.10.2020

Алматыда пеш пен жылу құралдарын дұрыс қолданбаудан биыл тұрғын үйлерде 250-ге жуық өрт болып, 17 адам зардап шеккен. Сондықтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында 1 айдан бері қауіпті үйлерді аралап, улы газды анықтайтын құралдар орнатуда. Сондай-ақ бұрын орнатылған құрылғылардың жұмысқа жарамдылығы тексеріліп, үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Айта кетейік, соңғы 3 жыл ішінде 1200-ден астам үйге улы газды анықтайтын құрылғы орнатылған.  

Ердос Бекпатшаев, қалалық ТЖД бостандық ауданы бөлімінің аға инженері:
Көбінесе пештің айналасына киімдерін жуып, соларды жайып, сондай шараларды сақтамайды. Содан кейін жанып тұрған пешті жас балаларға тапсырып қояды, қадағалауға. Айтамыз, түсіндіреміз.
өрт қауіпсіздігі Алматы ТЖД

Хабарламаларға жазылу