Елордада 4 күнде 95-ке жуық тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі тіркелді. Мұны «Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шаралар өткізген Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті анықтады. Бұдан бөлек, қала аумағында 540-тан астам есепте тұрған адамдар тексеріліп, 102 қорғау нұсқамасы шығарылды.
Айта өтейік, ұдайы өткізілетін шараның мақсаты – отбасыда жасалатын ауыр және аса ауыр қылмыстардың алдын алу, крименогендік жағдайды жақсарту және халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Армангүл Тоқтамұрат