"Ақтөбедегі оқиға Қазақстан қоғамын өзгертті". Кеше Ақордада өткен қауіпсіздік кеңесінде Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Мемлекет басшысы террористтер мен экстремисттерге қарсы қолданылатын заңды қайта қарап, өзгеріс енгізуді тапсырды. Әскери нысандардың күзетін күшейтіп, қару-жарақ дүкендерін жабу мәселесін талқыға салды. Сонымен қатар, біздің қоғамда полицейлерге қарсы теріс пиғылдан арылуды шегелеп тапсырды. Рет-ретімен Ғабит Бөкенбай.