Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жалақы бойынша қарыз миллиард теңгеге жуық дейді.
Төлен Әбдіковтың «Ер Сейіт пен қыз Бәтес» прозасының желісімен түсірілген «Өтелмеген парыз» деген кино бар еді, енді өтеуі жоқ еңбек дегенді жиі айтатын сияқтымыз. Айлығын ала алмай жүргендер көбейіп барады. Біздің тілшіміз жазған адамдар: мен бір қайыр сұрап жүргендеймін, адал еңбек қылдым, бірақ ақшамды беретін түрі жоқ, деп күйініп жүр. Ал Мемлекеттік еңбек инспекторы Нұрлыбек Алшымбаевтың айтуынша, еңбек шарттарын жасамайтын жұмыс берушілер аз емес. Инспектор оларды «адал емес» деп сипаттайды. Бұл сипаттамадан гөрі дәл, бірақ дөрекі сөзді біз де қолдана алмаймыз. Ақерке Бектастың материалы.