Мәулен Әшімбаев Сенат жанынан құрылған жас сарапшылар клубының мүшелерімен кездесті. Президент Жолдауында көрсетілген тапсырмалардың орындалуын талқылап, жастардың ойын білді. Сенат алдында тұрған негізгі міндет – Жолдауда көрсетілген барлық басымдықтарды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету. Қоғамдық ұйымдар мен түрлі сала мамандарының пікірін тыңдау маңызды. Сондықтан Сенат жанынан жас сарапшылар клубы құрылды, - деді палата төрағасы. Клуб құрамында мемлекеттік басқару, экономика, қаржы, әлеуметтік қолдау салалары бойынша 30-дан астам маман бар.
Оңғар Алпысбайұлы