Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус жұқтырған АҚШ Президенті Дональд Трамп пен оның жұбайы Меланияның тезірек сауығып кетуіне шын көңілден тілектестік білдірді. Бұл туралы ел Президенті өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды. Айта кетейік, Бүгін Ақ үй басшысы әлеуметтік желіде өзіне және әйеліне жасалған COVID-19 сынамасы оң нәтиже көрсеткенін жазған еді. Қазір екеуі де оқшауланып ем қабылдап жатыр. Сондай-ақ бұған дейін Америка лидерінің бас кеңесшісінен де коронавирус табылғаны мәлім болды.
Ал Трамптың індетке шалдығуы қор нарығына кері әсер етті. Әлемде мұнай бағасы бірден 3 пайызға арзандады. Сонымен жаһандық нарықта қара алтынның баррелі 40 доллардан төменге саудаланып жатыр.
Жансая Қапасқызы