Кентаулық мердігерлер сапасыз төселген жолды қайта жөндейтін болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кентаулық мердігерлер сапасыз төселген жолды қайта жөндейтін болды

02.10.2020

Түркістан облысында мердігер компания Түркістан-Балтакөл автожолын салу кезінде тастың үстіне асфальт төсей салған. Жол салушылардың шала жұмысын Кентау қаласына қарасты Үшқайық ауылының тұрғындары әшкерелеп, бейнежазбасын әлеуметтік желіде таратқан. 

Осы жазбаға орай «Жол активтері ұлттық сапа орталығының» облыстық филиал мамандары жол құрылысының сапасын тексеріп, бірқатар кемшілікті анықтаған. Жолға орташа жөндеу жүргізіп жатқан «Әзірет-жол құрылысы» серіктестігінің битум қоспасын сеппей, асфальтбетон жамылғысын төсегені белгілі болды. Бұл жөнінде акт түзіліп, көлемі 600 шаршы метр жолдың асфальтбетон жамылғысы бұзылды. Аталған компанияға жолдың осы бөлігін бұзып, қайта салу міндеттелді. 

Ролан Ибрагимов, Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:
Айтып кететіні, бұл жерде мастердің қателігі болып тұр. Басшылығы бізден және халықтан кешірім сұрады, битумды шашпай істегені үшін. 
Түркістан облысы

Хабарламаларға жазылу