ҚКХП дәстүрлі білім беру форматына көшуді ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚКХП дәстүрлі білім беру форматына көшуді ұсынды

02.10.2020

Қызылордада Қазақстан комунистік халық партиясының белсенділері онлайн білім беруден, дәстүрлі оқуға қайта көшуді сұрауда. Алқалы жиында бас қосқан партия мүшелері қашықтан оқытудың қиындықтары мен өзекті мәселелерін талқылап, ұсыныстарын ортаға салды. Олар еліміз әзірге онлайн білім беруге дайын емес екендігін айтып отыр. Бүгінде жылдамдығы жоғары интернет барлық елді мекенде жоқ. Әсіресе, көпбалалы отбасындағы оқушылар үйден онлайн сабаққа қосылу үшін бір планшетке тәуелді. Әлеуметтік сауалнама жүргізу барысында да ата-аналар, мұғалімдер дәстүрлі оқуға көшуді қалайтынын көрсеткен. 

Талғат Телеубаев, ҚКХП-ның облыстық филиалының бірінші хатшысы: 
Депутаттарымыз қазір Үкіметке жолдады. Осының хаттың жауабын күтіп отырмыз. Әрі қарай да осы өзіміздің халқымыздың пікірін тыңдап, мұңын тыңдап, соны жеткізуге тырысамыз.
онлайн оқу қашықтан оқу

Хабарламаларға жазылу