Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев праймериздегі онлайн дауыс беруге қатысты. Бұл туралы Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Twitter-дегі парақшасында жазды. Айдос Үкібайдың айтуынша «Nur Otan» партиясының төрағасы іріктеуге қатысушылардың үгіт-насихат жұмыстарын және қоғамдық пікірталастарды мұқият бақылаған. Әрі онда партия жұмысын жандандыруға қатысты маңызды ұсыныстар айтылған. Осыған айырықша тоқталған ол, барлық партия мүшелерін дауыс беруге қатысуға шақырды.
Досжан Маратұлы