Елімізде алғаш рет кавасакиге ұқсас мультижүйелі синдромнан екі бала көз жұмды. 2,5 және 15 жастағы балаларда бір апта бұрын коронавирус анықталған. Дәрігерлердің сөзінше, бұл синдром - COVID-19-дан кейінгі иммунологиялық құбылыс. Сондай-ақ, олар қызыл жегімен де ауырған. Қосымша аурулары болғандықтан балаларды аман алып қала алмадық, - дейді дәрігерлер. Айта кетейік, ел ішінде кавасакиге ұқсас диагнозбен 41 бала ауруханаға түскен. Олардың 37-сі толықтай жазылып шықты.
Ләззат Манжуова, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы басшысының орынбасары:
-Бүйрек жетіспеушілік симптомдары байқалып, бала гемодиализға ауыстырылған. Бірақ баланың жағдайы әрі қарай да нашарлап, көз жұмды. Ал екінші жағдайға келетін болсақ, бұл бала 2,5 жастағы бала. ИВЛ аппаратына алынып, емнің нәтижесі болмай, бала өкінішке орай көз жұмды.
Нұрхан Нұрланұлы