«Ақжолдықтар» Маңғыстаудағы медицина мекемелерін аралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ақжолдықтар» Маңғыстаудағы медицина мекемелерін аралады

01.10.2020

«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев бастаған бір топ депутат онкологиялық диспансердің жұмысымен танысты. Медициналық орталықтың құрылысы 8 жыл бойы тұралап, биыл қайта жанданған. Қазір мұнда бірнеше бөлімше жұмыс істейді. Диспансер толықтай жыл соңына дейін іске қосылады. Депутаттар одан әрі жаңадан салынып жатқан 200 орындық провизорлық орталыққа да барды. Заманауи медициналық мекеме қазан айында пайдалануға беріледі. Сонымен қатар «ақжолдықтар» маңғыстаулық кәсіпкерлермен де кездесіп, түйткілді мәселелерін тыңдады. 

Азат Перуашев, «Ақ жол» партиясының төрағасы:  
-Жергілікті өндірушілердің біраз айтқан өтініштері бар. Азаматтарымыздың оның ішінде кәсіпкерлеріміздің заңды құқықтарының тапталуына жол бермеу қажет. 

А.Оралбай


Маңғыстау «Ақ жол» партиясы Азат Перуашев

Хабарламаларға жазылу