Шығыс Қазақстанда қыркүйек айында 29 оқушыдан коронавирус инфекциясы табылды. Оларың 13-і кезекші сыныптарда оқыса, қалғаны қашықтан білім алған. Бүгінде осы оқушылардың алтауы қауіпті вирустан жазылып, оқуын қайта жалғастыруда. Бұл туралы облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау департаменті мәлім етті. Коронавирус шыққан сыныптарды қашықтан оқыту туралы қаулы шықты. Жалпы, қазір Шығыс өңіріндегі мектептердің 58 проценті штаттық режимді жұмыс істеп тұр. Мектепке келген балалардың күнделікті дене қызу тексеріледі.
Бағлан Тауанова, облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хатшысы:Осы 29 оқушының ішінде 12 оқушы тәңертеңгі тексеріс кезінде анықталған болатын. Қазір оқушылардың жағдайы орташа деңгейде, барлығы үй жағдайында ем алуда. Әрбір оқушыға байланысты жеке-жеке эпидемиологиялық тергеу жұмыстары жүргізілді.
Шымкент қаласында 11 жастағы мектеп оқушысы да коронавирус жұқтырды. Жасөспірім шаһардағы №54 мектепте оқиды. Ол оқу жылы басталғалы қашықтан білім алып келген.
Берік Көшербай