Мұнай бағасы тағы төмендеді. Brent маркалы мұнай қоспасының баррелі 41,22 доллар. Бұл кешегімен салыстырғанда 4-5 процентке арзан. Қара алтынның құны төмендегенде, керісінше шетелдік валюта қымбаттап жатыр. 6 теңгеге көтерілген еуро бағамы 507,51 теңге. Америкалық доллар 2 теңгеге қымбаттады. Қазір елімізде бағамы 431,82 теңге. Айырбастау пунктерінде доллар ең жоғары дегенде 432, 8 теңгеге, еуро 510 және рубль 5,8 теңгеге сатылып жатыр. Тек ресейлік рубль әзір тұрақты, теңгеге шаққандағы құны 5,47 теңге.
Дарын Сағитов