Қызылордада жалған есепшот жасап келген ұйымдасқан қылмыстық топ қолға түсті. 2017 жылдан бері заңсыз әрекетпен оңай ақша табудың жолына түскендер мемлекетке 776 миллион теңге залал келтірген. Алаяқтарды ұстау кезінде ғимараттан бірнеше мекеменің жалған мөрі, бланкі және ақша тәркіленді. Қазір бұл қылмыстық топқа қанша адамның қатысы бар екені анықталып жатыр.
Әділбек Серікұлы