Ауыл бюджетін дербес қалыптастыруда қиындықтар бар

30.09.2020

Ауыл бюджетін дербес қалыптастыруда бірқатар қиындықтар бар. Бұл туралы Сенат депутаты Бақтыбай Шелпеков айтты. Нақтырақ айтқанда, жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттерінің әр түрлі болуы, білікті кадрлардың тапшылығы, мемлекеттік органдардың ақпараттық базаларының оқшаулығы және басқа да түйткілдер шаруаны тежеп тұр. Бұл проблемаларды егжей-тегжейлі зерделеп, қажет болған жағдайда тиісті шаралар қабылдануы тиіс, деді сенатор. Естеріңізге сала кетейік, ауыл әкімдіктері тәуелсіз бюджет қалыптастыруға мүмкіндік алған болатын. 

Бақтыбай Шелпеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Қазір өзін-өзі басқару мәселесі алдымызда тұр. Осы жерде ауыларда өзін-өзі басқару үшін оның барлығына қаржы қажет. 

Армангүл Тоқтамұрат

ауыл бюджеті парламент сенат ауыл әкімі

Хабарламаларға жазылу