Шымкентте құс тұмауына қарсы вакцинация басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте құс тұмауына қарсы вакцинация басталды

30.09.2020

Шымкент қаласында құс тұмауының алдын алу мақсатында үй құстарына жаппай дәрі егу жұмыстары басталды. Бөлінген 33 мың доза екпе ең алдымен Текесу, Бадам, Тоғыс және Тұлпар өзендері маңындағы үй құстарына салынуда. Өйткені жабайы құстардың жылы жаққа қоныс аудару кезінде су айдындары төңірегіндегі эпид ахуал күрделене түседі. Қала аумағында қазір 6 ветеринариялық бекет жұмыс істеуде.

Жалпы қазіргі есеп бойынша Шымкентте 1 миллионға тарта құс бар. Оның 600 мыңдайы құс фабрикаларында бағылады. Бұл құстарға дәрілік препараттарды кәсіпорындар өз есебінен сатып алып салады. Ал үй іргелік қоралардағы құстар үшін мемлекет тарапынан жеткілікті мөлшерде вакцина бөлінді. Таяу күндері шаһарға тағы 70 мың доза екпе жеткізіледі. Шымкент қаласы бойынша бүгінгі күнге құс тұмауы тіркелмеді.  

Нұрсұлтан Кенжебаев, Шымкент қаласы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:
Бүгінгі күнге 11 700 құсқа екпе егілді. Егу жұмыстарын мемлекеттік коммуналдық кәсіпорында 78 ветеринар дәрігер жұмыс істейді. 

Ғани Қалмахан

Хабарламаларға жазылу