Педагог мамандығын таңдаған студенттердің стипендиясы 42 мың теңге болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Педагог мамандығын таңдаған студенттердің стипендиясы 42 мың теңге болды

29.09.2020

Осы оқу жылынан бастап педагогикалық мамандықтарда оқитын студенттердің стипендиясы 42 мың теңге болады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында жариялады. Бұл Президент тапсырмасы аясында қолға алынып отырған шаралардың бірі. Өткен жылы стипендия 21 мың теңге болған. Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін ол желтоқсан айында 26 мың теңгеге дейін өсті. Ал енді мұғалімдікке оқып жатқан студенттердің шәкіртақысы ең жоғары болады. Сондай-ақ министр биылдан бастап педагогикалық мамандыққа түсетіндер үшін талаптың қатаңдағанын айтып өтті. Енді 70 баллдан көп жинағандар ғана осы мамандыққа оқуға түсе алады.

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу