Қазақстан гендерлік теңдік рейтингінде 43-орында

29.09.2020

«Індет тұсындае әлемде әйелдерге зорлық-зомбылық көрсету 4 есе көбейген. Осы зорлық-зомбылық нәзік жандылардың құқықтары мен мүмкіндіктерін шектеп, гендерлік теңдікке кедергі келтіріп тұр»,-дейді Еуроодақтың гендерлік мәселелер жөніндегі бас кеңесшісі Мара Маринаки. Елші Қазақстанның гендерлік теңдік саясаты жаһан елдеріне үлгі екенін айтады. Оның пайымынша, қазақ елі қыз-келіншектердің лауазымды қызметтерде, қоғамның барлық саласында белсенді еңбек етуіне тең мүмкіндік туғызып отыр.

Мара Маринаки, Еуропалық Одақтың гендерлік мәселелер жөніндегі бас кеңесшісі, елші:
БҰҰ-ның 1325 резолюциясы аясында Қазақстан қыруар жұмыс атқарды. Әйелдер ұйымы мен азаматтық қоғам мүшелерінің өкілдері көкейлеріндегіні еркін жеткізіп, белсенді қыз-келіншектер барлық салаға жұмылдырылды. Джордж Таун институтының «Әйелдер, бейбітшілік пен қауіпсіздік» рейтингісінде Қазақстан әйел теңдігі деңгейі бойынша 43-орынға шықты. 

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу