Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шымкент қаласындағы «Казмедприбор» серіктестігінің қызметімен танысты.
Компания өкпені жасанды желдету аппараттарын шығарады. Бұдан бөлек медициналық жиһаз, автокөлік, дезинфекциялық заттар өндірісімен айналысады. Кәсіпорынды аралау кезінде көпбейінді университет ауруханасының құрылысы да баяндалды. Ал мына мың орындық медициналық мекеме жеке инвестордың қаражатына салынып жатыр. кәсіпорын жылына 50 мың дана медициналық құрал-жабдық, 150 мың медициналық жиһаз бен 1000 автокөлік шығаратын мүмкіндігі бар. Қазір аса қажет бұл аппараттар алдымен ішкі нарыққа жөнелтіледі. Артылғаны экспортталады.
Сондай-ақ Елбасы Қазақстандағы ең көне тарихи орындарының бірі - «Шымкент ескі қалашығында» болды. Ескерткіш Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. Қазір мұнда ғылыми-реставрациялық, археологиялық зерттеу жұмыстары жұмыстары жүргізіліп жатыр.