Жасөспірімнің ажалы ұялы телефоннан болды. Алматы облысында 15 жастағы оқушы қуатталып тұрған смартфоннан тоқ соғып, көз жұмды. Қайғылы оқиға 26 қыркүйек күні түнгі 22:00 шамасында Жамбыл ауданы Қарғалы ауылында болған. Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, адам өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмысы басталды.
Ақбота Әзірбек, Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі:
Алғашқы болжам бойынша, жәбірленуші қыз қуатталып тұрған ұялы телефон арқылы тоқ алған. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша адам өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Жазира Оразқызы