57 жастағы әйел Қазақстаннан ақша ұрлап, Дубайға қашып кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

57 жастағы әйел Қазақстаннан ақша ұрлап, Дубайға қашып кеткен

29.09.2020
57 жастағы әйел Қазақстаннан ақша ұрлап, Дубайға қашып кеткен

Қазақстандық полицейлер банктен қомақты қаражат ұрлап, Біріккен Араб Әмірліктеріне қашып кеткен 57 жастағы әйелді елге қайтарды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті мәлімдеді.

Экс-банкир бірнеше жылдан бері клиенттердің депозиттік шоттарынан жасырын аударымдар жүргізген. Сөйтіп қылмыстық жауапкершіліктен құтылу үшін БАӘ-ға қашып кеткен. Осы жымысқы әрекетінен соң оған халықаралық іздеу жарияланды. 

18 қыркүйекте әйел адам ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы бойынша Дубайда ұсталып, елге қайтарылды. Күдікті қазір уақытша ұстау абақтысында отыр. Тергеу жалғасып жатыр.

Хабарламаларға жазылу