Алматы облысында инвесторлардың жұмысына кедергі көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында инвесторлардың жұмысына кедергі көп

28.09.2020

Алматы облысында инвесторлардың жұмысына кедергі көп. Соның бірі – жемқорлық. Қазір сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша мемлекеттік қызметшілерге қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалып, қаралып жатыр. Ал облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті құны 624 млрд теңге болатын 41 инвестициялық жобаны өз қамқорлығына алды. Бұл жобалардың тең жартысы – шетелдік инвестициялар. Мамандардың айтуынша инвесторлар жер қатынастары, құжат рәсімдеу, лицензия беру, салық төлеу мәселелерінде түрлі кедергілерге тап болады. Мәселені жылдам және біржақты шешу үшін пара дәметіп, мемлекеттік қызметкер беделіне нұқсан келтіретін жайттар да жоқ емес. 

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу