Бүгін «Паллада» дүкені алдында қалалықтар лаңкестік оқиғадан қаза тапқан ақтөбелік Андрей Максименконы соңғы сапарға шығарып салды. Табыт дүкен ғимаратынан шығарылды. Жүздеген ақтөбеліктер азагүлімен келді.
«Андреймен 20 жыл бірге тұрдық, - деді көршісі Елена Уделя. - Жақсы адам еді, электрге қатысты көмек керек болған кезде, түн демей жүгіріп келетін. Оның отбасымен бірге қайғысына ортақтасып, аза тұтамыз. Арыстай азаматтан айырылу оңай соқпай тұр».
«Паллада» дүкенінің сыртында аулада абайсызда оққа ұшқан 69 жастағы зейнеткер Николай Онищенконың туыстары марқұммен қоштасты.
Сәңкібай батыр даңғылында «Пантер» дүкеніне келуші марқұм Михаил Матросовпен қоштасу рәсімі өтті.