Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында шағын-орта кәсіпкерліктің жалпы ішкі өнім дегі үлесін 35 процентке жеткізуді тапсырған еді. Бұл бағытта Қарағанды өңірінің аяқ алысы жаман емес. Жыл басынан бері өнім көлемі 1 триллион 850 миллиард теңгеге жеткен. Аймақта 45 ірі инвестициялық жоба жүзеге асып жатыр, құны 2 триллион теңге. Жыл соңына дейін 12-сі іске қосылмақ. 12 мыңдай адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Сенат депутаттары өңірдегі осынау жетістіктермен танысты. «Жер кодексі мен салық заңнамасының кейбір баптары бизнестің дамуына тұсау болып отыр», - дейді кәсіпкерлер.
Әлімжан Құртаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Орта және ұсақ бизнес өкілдерінің көкейінде жүрген сұрақтар, проблемалық мәселелерін тыңдадық. Ол енді мынау Салық кодексіне байланысты, Жер кодексіне байланысты, бизнесті әрі қарай дамытуға өздерінің ұсыныстарын, ой-пікірлерін айтты. Оның барлығы біздің комитеттің алдағы уақыттағы жұмыс жоспарына кіретін болады.
Руслан Нұрланұлы