Мәскеуде індеттің өршуіне байланысты сақтық шаралары қайта күшейтілді. 65-тен асқандар мен созылмалы ауруы барларға үйден шығуға шектеу қойылды. Қызметкерлердің басым бөлігі қайтадан онлайн жұмысқа көшеді. Қазір Ресей астанасында ауру жұқтырғандар 300 мыңға жуықтады, жалпы елде індет құрығына ілінгендер 1 млн 200 мыңға жетті. Маска тағу режимін сақтамағаны үшін 43 сауда орны 3 айға жұмысын тоқтатты. Коронавирустың екінші толқынына дайындық қызу жүріп жатыр. Шетелдіктерге 15 желтоқсанға дейін Ресейде тіркеусіз жүруге рұқсат етілді.
Индира Бегайдар