12 оқушыдан коронавирус анықталды. Қатерлі дертті жұқтыру дерегі Солтүстік Қазақстандағы 8 мектеп пен 1 балабақшада тіркелді. Осылайша елімізде 16 баланың COVID-19 жұқтырғаны белгілі болды.
Министрлік өкілінің мәлімдеуінше, олармен байланыста болғандар оқшауланып, білім мекемелері карантинге жабылды. Қазір балалардың денсаулығы қалыпты. Вирусты жеңіл өткеріп жатыр. Сондай-ақ «Барыс» хоккей клубының 19 мүшесінің вирус жұқтырғаны белгілі болды. Қазір олар амбулаторлық режимде ем қабылдап жатыр.
Раушан Сайлауқызы