Астанадағы ҚР Ұлттық музейінде Ұлыстың ұлы күніне орай «Өзбекстанның заманауи өнері» атты көрме өтті. Мұнда бауырлас елдің өнер саласына еңбегі сіңген, өз елімен қатар шет мемлекеттерде кеңінен танылған суретшілерінің туындылары қойылды. Барлығы 60-қа жуық картина қойылған көрменің қамтып отырған тақырыбы да әр түрлі.
Айдана ҮСЕНБАЙ