Асқар Мамин балық шаруашылығын дамытуды тапсырды

24.09.2020

Үкімет басшысы Асқар Мамин Түркістан облысына барып, балық шаруашылығының әлеуетімен танысты. Қазір балық шаруашылығы саласын дамытуға байланысты тұжырымдама әзірленіп жатқанын және оны тиісті деңгейде жүзеге асыру қажет екенін айтты. Жауапты министрлік өкілдеріне шаруаларды ынталандыру шараларын қарастыруды, әкімдерге елді мекендерде балық өнімдерін сататын павильондарды қоюды тапсырды.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі:

- Біз былтыр 42 жарым мың тонна балық ауладық, 7 жарым мың тонна балық өсірдік. Енді мақсатымыз балық аулауды емес, балық өсіруді дамыту.  

Мәрлен Тұрсынәлі, «King Fish» ЖШС бас директоры:

- Қазақстанның өзінде ғана 47 мың өзен-көл бар. Әлемдік деңгейде балық аулағаннан гөрі балық өсірген өте жоғары нәтиже көрсетіп жатыр. 

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу