Қырғыз Республикасының еркін саудаға араласуы тағы кейінге шегерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғыз Республикасының еркін саудаға араласуы тағы кейінге шегерілді

24.09.2020

Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одақ аясында еркін сауда қатынасын орнатуы тағы да кейінге шегерілді. Бес ел арасындағы келісім бір жыл ішінде осымен екінші рет өзгертіліп отыр. Басты себеп, Қырғыз Республикасының өткізу пункттері одақтың стандарттарына сәйкестендірілмей жатыр. 14 бекеттің әзірге 12 ғана қайта жабдықталған. Парламент Сенаты бүгін қабылдаған келісім бойынша көрші елге келер жылдың 15 тамызына дейін уақыт берілді. Ал Сенат депутаты Мұхтар Құл-Мұхамед одақ арасындағы келісімге жиі өзгерістер енгізіліп, Парламенттің қос палатасы қараған құжат жөнді жұмыс істемей тұрғанын айтты.

Мұхтар Құл-Мұхаммед, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Қазақстанның көрші елдерге шығатын тауарларын сол елдегі федералдық шенеуніктің дәрежесіндегі бір адам тоқтатып тастайды. Сонда бұл екі мемлекеттің басшысы қол қойып, Парламенті қарайтын болса, оны бір федералдық шенеунік тоқтатып тастайтын болса, оның қандай заң болғаны?! 

Депутаттың сауалына жауап берген Сыртқы істер министрлігінің өкілі кейбір мәселелерді алдын ала білу мүмкін емес. Жұмыс барысында жаңа жағдайлар пайда болып, заңға қандай да бір өзгерістерді енгізу талап етілетінін айтты.

Оңғар Алпысбайұлы 

Хабарламаларға жазылу