Тengri Bank басшылығы қаржы ұйымының мүлкін талан-таражға салған - Бас прокуратура - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тengri Bank басшылығы қаржы ұйымының мүлкін талан-таражға салған - Бас прокуратура

24.09.2020

Тengri Bank басшылығы қаржы ұйымының мүлкін талан-таражға салды деп айыпталып жатыр. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді. Банкке қатысты жедел тергеу амалдары жүріп жатқаны бұған дейін хабарланған еді. 

Қаржы мониторингі комитеті оның себебін нақтыламады. Қылмыстық кодекстің 189-бабы бойынша іс қозғалғаны белгілі болды. Оны Алматы қалалық экономикалық тергеу департаменті жүргізіп жатыр. Күдікке ілінгендердің кім екені әзірге белгісіз. Заңға сәйкес, Бас прокуратура олардың жеке деректерін құпия қалдырды.

Еске салайық өткен аптада қаржы ұйымының банкротқа ұшырағаны туралы хабарланған болатын. Жыл басынан бері Тengri Bank салымшыларына 98 млрд теңге қарыз болған. Енді салымшылар қаражатты қазан айында қайтарып ала алады. Оны депозиттерге кепілдік беру қоры өтейді. Қаржы тек ұлттық валютамен беріледі. 

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу