Елімізде өлім жазасына ресми түрде тыйым салынды. Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы еліміздің тұрақты өкілі Қайрат Омаров
Өлім жазасын жоюға бағытталған «Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші факультативтік хаттамаға» қол қойды.
Ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымның Бас Ассамблеясының 75-сессиясында осы шешімді жариялаған еді. Президент Қазақстан өмір сүру мен адами қадір-қасиетке негізделген құқықты жүзеге асыруға бекем екенін атап өтті.
Амангелді Сейітхан