Дана Нұржігіт: Жыныстық сипатта жасалған қылмыстың барлық түрілеріне жазаны қатаңдату керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дана Нұржігіт: Жыныстық сипатта жасалған қылмыстың барлық түрілеріне жазаны қатаңдату керек

24.09.2020
Дана Нұржігіт: Жыныстық сипатта жасалған қылмыстың барлық түрілеріне жазаны қатаңдату керек

Сенат депутаты Дана Нұржігіт ҚР Бас прокурорына депутаттық сауал жолдады. «Халықаралық тәжірибиені саралап, қылмыстық заңнама қолданысын талдап, балаларға қарсы жыныстық сипатта жасалған қылмыстың барлық түрілеріне қатысты жазаны қайта қарап, қатаңдату бойынша ұсыныстар әзірлеуді сұраймыз», - деді сенатор өз сауалында.

Сондай-ақ депутат Мемлекет басшысының осы мәселе бойынша берген тапсырмасының орындалу барысы туралы ақпарат беруді сұрап, бұл саладағы халықаралық конвенцияларға қосылу және имплементациялау бойынша заңнамалық ұсыныстар енгізу қажеттігін атап өтті. Депутат келтірген статистика бойынша, Қазақстанда соңғы 4 жылда осындай қылмыстар үшін 1868 адам кінәлі деп танылған. Олардың 539-ы ғана 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылған. Биылдың өзінде ғана кәмелетке толмаған балаларға қарсы жасалған қылмыс 8 пайызға өскен.

«Мұны тоқтату үшін қатаң жаза қылмысты жасаған адамға ғана емес, сол қылмысқа жол берген, фактілерді жасырған, қылмыскердің жалтаруына мүмкіндік берген азаматтарға да қолданылуы керек деп ойлаймыз», - дейді Сенат депутаты.


Хабарламаларға жазылу