Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту керек - «Ауыл» партиясы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту керек - «Ауыл» партиясы

24.09.2020

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту жұмыстары қажетті деңгейде жүргізіліп жатқан жоқ. Қазіргі күні өңірдегі машина-трактор паркінің 83 пайызы тозған. Мемлекет жаңа трактор алған шаруа қожалықтарына тек 25 пайыз субсидия береді. «Шаруаларды ынталандыру үшін мемлекеттік қолдаудың көлемін арттыру керек», дейді «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының өкілдері. Олар өңірдегі жауапты мекеме өкілдерінің басын қосып, механикаландыру жұмыстарының бүгінгі жай –күйі мен оны шешу жолдарын қарастырды. 

Темірғали Әбілмәжінов: «Ауыл» ХДПП облыстық филиалының төрағасы:

- Қазіргі күні жаңа техника келіп жатыр. Ол бәріне бірдей қолжетімді емес. Ірі кәсіпкерлер, ірі фермерлер, ірі ТОО басшылары алады. Қазіргі уақытта бәрімізге қол жетімділік жоқ. Жаңарту жағдайын айтар болсақ, облыс бойынша жаңарту 4,3 пайыз ғана. Кей аудандарда 1,5 пайыз-2 пайызға дейін жетеді. Жұмыстар жүріп жатыр, бірақ нәтижесі әлі жоқ деп айтуға болады.  

Сағындық Сәбитұлы

Хабарламаларға жазылу