Алматы облысында праймеризге қатысушылардың пікірсайысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында праймеризге қатысушылардың пікірсайысы өтті

23.09.2020

Алматы облысында праймеризге қатысушылар пікірсайысқа қатысып, сайлауалды бағдарламарын қорғауға кірісті. Жалпы өңірде «Nur Otan» партиясының праймеризіне 1064 үміткер қатысып отыр. Талдықорғанда өткен кезекті сөз додасында 6 кандидат әлеуметтік мәселелер, экологиялық проблемаларды, білім мен денсаулық саласында пікір алмасып, жастар жұмыссыздығы, баспанамен қамту, бұқаралық спорт пен басқа да өзекті тақырыптар төңірегінде ой қозғады.

Осы күнге дейін жетісулық үміткерлер 70 пікірсайыс ұйымдастырып, 30 мыңға жуық аудитория қамтыды. Кезекті пікірсайыстың біріне өңір басшысы, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Амандық Баталов қатысып, үміткерлерге өз бағасы мен батасын берді. 

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу