Алматылық кәсіпкерлер жалдау ақысын төлеуді тоқтата тұруға өтініш беруде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылық кәсіпкерлер жалдау ақысын төлеуді тоқтата тұруға өтініш беруде

23.09.2020

Алматылық кәсіпкерлер әлі де жалдау ақысын тоқтата тұру үшін өтініш беруде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнес үшін жалдау ақысын 1 қыркүйектен бастап тоқтата тұруды тапсырған болатын. Бұл мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторға тиесілі жылжымайтын мүлік нысандарына қатысты. 

Гүлнар Мамаева мектеп асханасын жалға алып, кәсібін дөңгелетіп жүргеніне 30 жылдан асқан. Биыл елде енгізілген төтенше жағдайға байланысты жұмысы тұралап қалды. Қарамағындағы 30 шақты қызметкеріне жалақы төлей алмағаннан бөлек асхананы жалдау ақысына да қаражат таппады. 

Гүлнар Мамаева, кәсіпкер:  

- Шағын және орта бизнесті қолдауға мемлекет тарапынан көп жұмыстар атқарылып жатыр. 

Қала әкімдігі биыл 20 наурыз бен 19 маусым аралығында 600-ден аса шағын және орта бизнес өкілдерінің жалдау ақысын төлеуден босатты. Бұл шара бюджетке түсуі тиіс 170 миллион теңгені қысқартты. 

Рүстем Әлиев, Қалалық мемлекеттік активтер басқармасының басшысы: 

- 2020 жылдың соңына дейін әкімдік шағын және орта бизнестің жалға алушыларымен 499 жолдау шарты бойынша есептерді тоқтата тұрады. Бұл ретте бюджеттің кіріс бөлігіне түсім жоспары 206 млн теңгеге қысқарады. Көктемдегі және осы жолғы тоқтата тұруды ескерсек мемлекет бюджетіне түсетін жалпы сома 376 млн теңгеге азаймақ.

4 қыркүйектен бастап кәсіпкерлерден өтініштерді қабылдайтын сайт қызметі қайта іске қосылды. Осы уақыттан бері Алматы қаласы бойынша шағын және орта бизнес өкілдерінен 280 өтініш түскен.  

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу