Елорда маңында 9 мың тоннадан астам отын үнемдеуге мүмкіндік беретін ЖЭС іске қосылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорда маңында 9 мың тоннадан астам отын үнемдеуге мүмкіндік беретін ЖЭС іске қосылмақ

23.09.2020
Елорда маңында 9 мың тоннадан астам отын үнемдеуге мүмкіндік беретін ЖЭС іске қосылмақ

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Ақмола облысы Аршалы ауданының Қостомар ауылында «Астана EXPO-2017» жел электр станциясының 1-ші іске қосу кешенінің жұмысымен және 2-ші іске қосу кешенінің құрылысының аяқталуымен танысты. Бұл туралы Үкіметтің ресми сайты хабарлайды.

2-ші іске қосу кешенін пайдалануға беру және ЖЭС-тің 100 МВт толық жобалық қуатына шығуы 2020 жылдың IV тоқсанына жоспарланып отыр (қуаты 50 МВт болатын алғашқы іске қосу кешені 2019 жылы тамыз айында пайдалануға берілді).

«Астана EXPO-2017» ЖЭС 10 мыңнан аса отбасының жылдық энергия тұтынуын қамтамасыз етіп, парник газдарының шығарындыларын жылына 230 мың тоннаға азайтуға және жылына 79 мың тоннадан астам отынды үнемдеуге мүмкіндік береді. Нысан құрылысына 300-ден аса адам тартылған, 20 жергілікті маман ЖЭС пайдалану үшін оқу курсынан өтіп жатыр.

Хабарламаларға жазылу