Алматыда «Полицияның заманауи аспектілері - қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі сервистік тәсілдер» тақырыбында тренинг өтті. Негізгі мақсат - ішкі істер органдары мен полиция қызметін қызметтік модельге көшіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды түсіндіру. Болашақ тәртіп сақшыларын даярлайтын академияға Ішкі істер министрлігінің өкілдері, Алматы және Алматы облысы полиция департаментінің басшылары қатысты. Министрлік өкілдерінің сөзінше, инновациялар алдымен ведомстволық жоғары оқу орындарының студенттеріне жетуі тиіс. Себебі ертеңгі құқық қорғаушылар қызметін жаңа форматта бастауы керек.
Айдар Сайытбеков, ҚР ІІМ Кадр саясаты департаментінің басшысы:
- Біздің құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ынтымақтастықтың жаңа әдістерін қолдануға мүмкіндігіміз мол. Ол үшін алдымен полицияның тәжірибесі мен жұмыс тәсілін өзгерту. Екіншіден, тәртіп сақшылары мен қоғам арасында тығыз қарым-қатынас орнату үшін нақты шаралар қабылдауға тиіспіз.
Қуан Нұрақын