АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар 200 мыңнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар 200 мыңнан асты

23.09.2020

АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандар саны 200 мыңнан асты. Мұны Джонс Хопкинс университеті хабарлап отыр. Тағы 6,8 миллионнан астам тұрғын қауіпті инфекцияны жұқтырған.

COVID-19-дан ең көп адам жоғалтқан штаттар қатарында Нью-Йорк, Нью-Джерси, Калифорния, Флорида бар. Сонымен қатар, Массачусетс, Иллинойс, Пенсильванияда да коронавирустан жан тәсілім еткендер 7 мыңнан асып отыр. 

Айта кетсек, АҚШ - әлемде осы індеттен ең қатты зардап шеккен ел. Жер шарында коронавирустан құрбан болғандардың бестен бірі – америкалықтар.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу