Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының саяси дебатында сөз сөйлейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының саяси дебатында сөз сөйлейді

23.09.2020
Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының саяси дебатында сөз сөйлейді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаеы БҰҰ Бас ассамблеясы 75-сессиясының саяси дебатында сөз сөйлейді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент жиында әлемдегі түйткілді мәселелер мен сын-қатерлерді, соның ішінде коронавирус пандемиясына қарсы күреске, жаһандық экономиканың өсімін қалпына келтіруге, терроризмге қарсы іс-қимыл, ядролық қарудан бас тартуға және таратпауға, климаттың өзгеруіне қатысты проблемаларды көтермек.

Cонымен қатар Мемлекет басшысы халықаралық ынтымақтастық және өзара сенім білдірудегі БҰҰ-ның рөлін күшейтуге назар аударады.

Бұдан бөлек Президент 2030 жылға дейінгі орнықты дамудың Күн тәртібін жүзеге асыру, «Жасыл экономиканы» дамыту және Орталық Азиядағы өңірлік іс-қимылдарды жандандыру мәселелеріне мән береді. 

Мемлекет басшысы елдің ішкі саясатына қатысты мәселелерді де қамтиды, соның ішінде, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының іске асырылуына да тоқталмақ.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті бірқатар халықаралық бастама көтереді. Солардың бірі – бүкіл әлемдегі волонтерлердің еңбегін мойындауға, құрметтеуге бағытталған.

Мемлекет басшысының сөйлеген сөзінің тікелей трансляциясын БҰҰ веб сайтынан: http://webtv.un.org немесе Facebook-тегі: https://www.facebook.com/UNWebTV парақшасынан көруге болады.

Хабарламаларға жазылу