Жезқазғанда жұқпалы аурулар ауруханасы салынып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жезқазғанда жұқпалы аурулар ауруханасы салынып жатыр

22.09.2020

Жезқазған қаласында жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы аяқталуға жақын. Жоба құны 7 миллиард теңге. Нысан қазан айының соңында пайдалануға беріледі. Аумағы 7 мың шаршы метр болатын емдеу мекемесі бір мезетте 200 науқасты қабылдай алады. Әрі қажетті медициналық құралдармен толық жабдықталмақ. Балалар мен жүкті әйелдерге арналған жеке бөлмелері бар. Мысты шаһардағы қазіргі ауруханада жұқпалы аурулар стационары тек 35 адамға арналған. Короновирус дертіне шалдыққандар көбейген тұста жаңа заманауи медициналық мекеменің қажеттілігі туындаған. Небәрі екі ай ішінде ғимарат тұрғызылды. Шамамен 200 адам еңбекпен қамтылады.  

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу