Ішкі істер министрлігі желіде шикі ет жеген баланың ата-анасын іздестіріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ішкі істер министрлігі желіде шикі ет жеген баланың ата-анасын іздестіріп жатыр

22.09.2020

Ішкі істер министрлігі шикі ет жеген баланың ата-анасын іздестіріп жатыр. Баланың піспеген етті жұлып жеп жатқан видеосы интернетте тарап, қолданушылар арасында қызу талқыға түскен. Баланың ата-анасын тапқаннан кейін министрлік өкілдері олармен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Ал, Nur Otan партиясы жанынан балалардың құқығы тапталған кезде хабарласып көмек сұрайтын 111 жедел қызметі жұмысын бастады. Оған отбасылық зорлық-зомбылық, балалардың өміріне төнген қауіп, қиын жағдайға тап болған адамдар немесе басқа да мәселелер бойынша хабарласуға болады. Тіпті ашық құдық, үзілген электр желілері бойынша да жұмыс істейді. Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан орталық республика бойынша барлық полиция бөлімдерімен келісімге келген. Қоңырау түсісімен жедел топ оқиға орнына барады. Жедел қызмет аптасына 7 күн 24 сағат жұмыс істейді. 

Динара Закиева, «Nur Otan» партиясы жанындағы Отбасы, әйелдер және балалар құқығын қорғау кеңесінің төрағасы:

- 111 жедел қызметі 1 қыркүйектен бастап жұмыс істеп тұр. 3 аптаның ішінде 300-ден астам қоңырау қабылдап үлгердік. Оның ішінде отбасылық көмектер, құжаттандыру, балалар құқығы сияқты мәселелер болды. Біз бірден шаралар қабылдап іске кірістек. Қазір барлық іс партияның бақылауына алынған. 

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу