Алматы облысының Шонжы ауылында салынып жатқан дене шынықтыру және сауықтыру кешені құлап қалды. Абырой болғанда, жұмысшылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Құрылысқа жалпы құны 1 млрд 171 млн теңге бөлінген. Нысанның құрылыс жұмысы 2019 жылы басталып, биыл жыл соңында аяқталуы тиіс болған.
Қазір апат болған жерге арнайы комиссия келіп, тергеу жүргізіп жатыр.