Deutsche Bank 100 шақты бөлімшесін жабады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Deutsche Bank 100 шақты бөлімшесін жабады

22.09.2020

Германияда «Deutsche Bank» өз бөлімшелерінің 20 пайызын жабуды жоспарлап отыр. Яғни, ел аумағындағы оның әрбір бесінші филиалы жұмысын тоқтатады. Банк басшылығының хабарлауынша, мұндай шешім қабылдауға коронавирус пандемиясы түрткі болған. Жұмыс орындары негізінен ірі қалаларда қысқартылады. Қаржы ұйымы осылайша шығындарды азайта отырып, жұмысын жалғастыруды көздеп отыр. 

Жансая Қапасқызы


Хабарламаларға жазылу