Алматы облысында бағаны тұрақтандыру мақсатында ірі тауар өндірушілермен және сауда орталық басшыларымен меморандумға қол қойылды. Жалпы, өңірде әлеуметтік маңыздағы азық-түлік бағасын қымбаттатпау мақсатында 3 млрд теңге қарастырылған. Бір миллиард теңге республикалық бюджеттен, екі миллиард облыстық бюджеттен бөлінді. Бұл қаражат тауар өндірушілерге жеңілдетілген несие ретінде және тұрақтандыру қорына азық-түлік сатып алуға жұмсалды.
Сондай-ақ нан бағасын тұрақты ұстау мақсатында арзандатылған ұн алынып, наубайханаларға жөнелтілді. Меморандум ірі сауда орындарында 19 түрлі азық-түлік сататын әлеуметтік сөрелердің пайда болып, бағаны қалыпты ұстауға мүмкіндік бермек.
Жанатбек Сарғалдақов, кәсіпкер:
- Айтып жатыр ғой еститін мемлекет деп. Сол еститін мемлекет қазір жұмыс істеп жатыр деп ойлаймын. Халықтың қамын ойлап жатыр деп ойлаймын. Сол себепті қазіргі беріп жатқан кредиттер өте үлкен әсерін, өте үлкен көмегін көрсетіп отыр. Тұтынушыларға да, сатушыларға да.
Қуаныш Қанатұлы