ҚХР төрағасын «клоун» деп атаған ірі шенеунік парақорлық үшін 18 жылға сотталып кетті. Мемлекеттік жылжымайтын мүлік компаниясының бұрынғы басшысы Жэнь Чжицян қоғам назарынан наурызда жоғалып кетті. Оның алдында бұл азамат интернетте эссе жариялап, мемлекет басшысын коронавирус пандемиясымен дұрыс күреспеді деп сынаған.
Содан кейін Жэнь Чжицянға компаниядан 111 миллион юань ақша жымқырды және 1,25 миллион юань пара алды деген кінә тағылды. Көп кешікпей Жэнь бұл қаражатты түгел қайтарып, айыбын мойындап, сотқа аппеляциялық шағым түсірмейтінін мәлімдеген.
Арыстан Рысбек