Ұлыстың ұлы күні әр шаңырақта Наурыз көже пісіріліп, мерекелік дастархан жайылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыстың ұлы күні әр шаңырақта Наурыз көже пісіріліп, мерекелік дастархан жайылады

21.03.2017

Наурыз - бірлік пен ынтымақтың, сыйластық пен мейірімділіктің мерекесі. Ұлыстың ұлы күні әр шаңырақта Наурыз көже пісіріліп, мерекелік дастархан жайылады. Жасы кішілер үлкенге сәлем беріп, «уыз бата» алады. Араздасқан ағайын татуласып, қауышады. Яғни, бұл күні салт-дәстүр жаңғырып, әдет-ғұрып ай­шықталады. Осынау ұлы мейрамды Сыр жұртшылығы да жақсы тілекпен дәріптеуде.

Қыстан қысылып шыққан халық тоң жібітер сәттен тек жақсылық күтеді.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу