Алматылық коммунистер мемлекеттік басқаруда кадр жаңартуды қолдайды. Бұл пікірді «мемлекеттік басқарудың қазақстандық моделін жаңғыртудағы саяси партиялардың рөлін» талқылаған Қазақстан халық коммунистер партиясының мүшелері айтты. Бас қосуға партия белсенділері, саясаттанушылар, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері қатысты. Олардың пікірінше, барлық деңгейдегі мемлекеттік аппаратты қысқарту жұмыс сапасын жақсартады. Әкімдер ауысады, бірақ жүйе өзгеріссіз қалады. Мемлекеттік басқару органдарына креативті, қабілетті жастар қажет. Оларды кадр резервіне қойып, оқыту керек дейді партия өкілдері.
Гүлдана Нұрпейісова, Қазақстан халық коммунистер партиясының мүшесі:
- Модернизация керек. Кадр мәселесі ол бірінші болуы керек. Ұсыныстарымызды Мәжіліске жеткіземіз. Өйткені, біздің Мәжілісте фракциямыз бар.