Аягөз ауданында жерді жалға беруді бизнеске айналдырғандар көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аягөз ауданында жерді жалға беруді бизнеске айналдырғандар көп

21.09.2020

Шығыс Қазақстандағы Аягөз ауданында жерді игермей-ақ жалға беріп пайда табатындар көп. Ал ауыл шараушылығымен шұғылданғысы келетіндер үшін ұлтарақтай жер табылмайды. Жергілікті қоғам белсенділері осылай деп дабыл қағып отыр. Жерді мақсатсыз пайдаланып отырғандардың көптігін жергілікті шенеуніктер біледі. Алайда олары заңға тартып, учаскелерді мемлекетке қайтаруға қауқарсыз. Аягөз ауданында барлығы 130 шаруа қожалығы бар. Олардың дені жерді игермей-ақ оңай табыс тапқысы келетіндер. Қоғам белсендісі Әсел Жұмағазы өткен жылы жер дауына қатысты 100-ге тарта шағым түскенін айтады. Ал мамандар келер жылдан бастап кәсіпкерлерді тексеруге тыйым салынатын мораторий күшін жоймайынша, жерді оңды-солды таратып табыс табатындарға тұсау бола алмаймыз-дейді. 

Әсел Жұмағазы, Аягөз қаласының тұрғыны:

- Аягөз ауданындағы ауылдық округ әкімдерін бәрін зерттедім. Кімде не бар? Немен айналысады?- десем. Барлығында шаруа қожалықтары бар. Мысалы мына жердің иесі жоқ деп айту оларға тиімді емес.  

Нұргүл Маубаева, Аягөз аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы:

- Қазір кіші кәсіпкерлерді тексеруге мораторий жариялаған болатын. Біз бұл жерлерді қайтару жұмыстарын жүргізе алмаймыз.  

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу