CҚО-дағы 11 елді мекенде карантин жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

CҚО-дағы 11 елді мекенде карантин жарияланды

21.09.2020

Солтүстік Қазақстан облысындағы 11 елді мекенде карантин жарияланды. Бұл ауылдарда эпизоотияға қарсы күрес жасағының өкілдері жұмыс істеп жатыр. Жалпы құс тұмауынан өңірдегі жекеменшік аулаларда 11 мыңнан астам, Бескөл құс фабрикасында 41 мың құс қырылған. Бұға қоса бүгін облыстағы тағы 6 ауылда карантин енгізілмек. Мамандар өлекселерді жинап актілеу, қораларды зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізу және арнайы дезинфекциялау вольерлерін орната бастады. Қазіргі күні мамандар індеттің өршуіне жол бермеу үшін қолдан келгеннің барлығын жасап жатыр.   

Берік Әлжанов, облыстық ветеринария басқармасының басшысы: 

- Жалпы облыс бойынша 600 мың құс вакциналанды. Тағы республикалық қордан 873 мың доза вакцина алдық. Қазір ветеринарлар сол вакциналарды салуда. 

 Сағындық Сәбитұлы     

Хабарламаларға жазылу