Президенттің саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы жарлығы қоғам талқысында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттің саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы жарлығы қоғам талқысында

21.09.2020

Мемлекет басшысының саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы жарлығы қоғам талқысына шығарылды. Бұл құжат жобасына сәйкес осы бағытта жұмыс істейтін мемлекеттік комиссияның міндеттері айқындалған. 

Комиссия құрамына ғалымдар, мемлекеттік органдар, ұлттық және мемлекеттік мұрағаттардың жетекшілері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді. Төрағасы мемлекеттік хатшы болады деп ұсынылып отыр. Ал комиссияның негізгі міндеттері - саяси қуғын-сүргін және заңсыз қудалау құрбандарына қатысты тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмысын аяқтау. Ол үшін заң жобаларын және өзге де заңға тәуелді актілерді әзірлеу жөнінде Үкіметке ұсыныстар енгізу, ақтау процестерін ғылыми зерделеу, іс жүзінде ақталмаған саяси қуғын-сүргін құрбандары санаттарының толық тізімін айқындау. Қоғамдық талқылау қазанның 5-не дейін жалғасады. Ал сарапшылар мемлекеттік комиссия аталған міндеттерден бөлек құрбандардың ұрпақтарына да баса мән берілсе екен деп отыр. 

Бейсен Ахметұлы, журналист, саяси сарапшы:

- Қуғын-сүргін құрбандары қазір жоқ. Оны өздеріңіз де білесіздер. Бірақ олардың ұрпақтары бар. Осы ұрпақтарының қазіргі тағдыры қандай болып жатыр? Осы туралы арнайы зерттеулер жүргізу керек және қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары өзінің атамекендеріне оралса, оларға қандай жеңілдіктер мен мүмкіндіктер берілу керек, осы мәселе нақтылану керек.

Альбина Әшім

Хабарламаларға жазылу